Ауғанстанда жер сілкінісіне 200-ден астам адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда жер сілкінісіне 200-ден астам адам қаза тапты

22.06.2022

Ауғанстанның шығысында қуаты 6,1 баллдық жер сілкінісінен кемінде 200-ге жуық адам қаза тапты. Мұны бүгін осы елдің Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.

Құрбандардың көбі – Пактика провинциясының тұрғындары. Бұнда 100 адам өліп, 250-і жараланды. Мерт болғандар Нангархар, Хост провинцияларында да тіркелді.

Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, жан тәсілім еткендердің нақты саны анықталып жатыр.

АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, зілзала ошағы Пәкістан шекарасы маңында 51 метр тереңдікте анықталды. Жер дүмпуі Ауғанстанда, Пәкістанда, Үндістанда 119 миллион адамға сезілген.


Хабарламаларға жазылу