Пәкістанда зілзаладан 23 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда зілзаладан 23 адам қайтыс болды

07.10.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда болған жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады. «Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Ал, Пәкістанда табиғи апаттан соң құтқару шаралары жалғасып жатыр. Елде қуаты 5,7 баллдық жер сілкінісі болған еді. 23 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланған. Зілзала адамдар ұйықтап жатқан кезде болған. Құтқарушылардың сөзінше, қаза тапқандардың көбі - әйелдер мен балалар. Қатты дүмпу салдарынан 100-ден астам үй құлады. Қөптеген ғимаратқа, оның ішінде үкімет кеңселеріне зақым келген. Зілзала ошағы Кветта қаласынан 102 шақырым жерде, 20 шақырымдай тереңдікте анықталды. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу