Пәкістанда зілзаладан 20 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда зілзаладан 20 адам қайтыс болды

07.10.2021

Пәкістанда таңертең қуаты 5,7 баллдық жер сілкінісі болып, 20 адам қаза тапты. 200-ден астамы жараланған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Зілзала адамдар ұйықтап жатқан кезде болған. Құтқарушылардың сөзінше, қаза тапқандардың көбі - әйелдер мен балалар. Көз жұмғандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Қатты дүмпудің салдарынан саз балшықтан соғылған 100-ден астам үй құлады. Қөптеген ғимаратқа, оның ішінде үкімет кеңселеріне зақым келген. Зілзала ошағы Кветта қаласынан 102 шақырым жерде, 20 шақырымдай тереңдікте анықталды. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу