Зілзаладан 22 адам қаза тапты
Пәкістанның солтүстігінде болған 5,8 балдық жер сілкінісінен 22 адам қаза тапты. Тағы 200-ден астамы жараланған. Зілзала салдарынан ғимараттар құлап, жолдар қақ айрылды. Жер асты дүмпуі елдің екінші ірі қаласы Лахордан 173 шақырым жерде 10 километр тереңдікте тіркелген. Оның күшті болғаны соншалық, дүмпу көршілес Үндістанда да сезілді.
Жергілікті биліктің айтуынша, құтқару жұмыстары және апат салдарымен күресуге бірнеше күн қажет.
Айта кетсек, Гималай таулары орналасқан бұл аумақта жер сілкіністері жиі болып тұрады. 2005 жылы Кашмирде жойқын зілзаладан 80 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті
11.07.2026, 15:11
«Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясының екінші кезеңі басталды
11.07.2026, 13:56
Астанада ауқымды халықаралық BaiQymyz-2026 гастрофестивалі басталды
11.07.2026, 11:26
ӘЧ: Ширек финалдағы шешуі сайыстар басталды
10.07.2026, 20:12
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр
10.07.2026, 20:11
Қазақстанда цифрлық активтерді заңдастыру басталады
10.07.2026, 20:08
«Әділет» партиясы кандидаттардың тізімін бекітті
10.07.2026, 20:08
Халықтық Конституция - азаматтардың ақысыз медициналық көмек алуының кепілі
10.07.2026, 20:07