Атырауда IX ғасырға тиесілі балбал тастар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда IX ғасырға тиесілі балбал тастар табылды

22.06.2022

Атырау облысының Сағыз ауылы маңынан шамамен 9-11-ші ғасырға тиесілі балбал тас табылды.

«Тасқара» қорғанынан қазып алынған археологиялық олжаның биіктігі 1 метр 20 см, ал, ені 50 см. Оғыз-Қыпшақ дәуірінен қалған деп болжанған дәл осындай жәдігер, аймақ тарихында алғаш рет табылып отыр.

Ал Миялы елді мекені қойнауынан тағы бір тарихи құнды жәдігер табылды. Савромат-сармат дәуірінің қорымындағы үш қорғанның бірінен шар пішіндес алтын алқа шықты. Біздің заманымызға дейінгі 6 ғасырдан сыр шертетін мұндай әшекейдің аймақта әзірге баламасы жоқ. Қабірдегі әйел адамның сүйегінің жанына қола айна мен қола біз, пышақ және қойдың жілігі мен қабырғасы қойылған.

Өзге қорғандардан да қыш ыдыстар мен қола жебелер, тас қайрақ, өрнектелген сүйек, қабан тісінен жасалған бойтұмар табылды.


Хабарламаларға жазылу