Түркістан облысындағы Отырар төбеден XXIV ғасырдағы медресенің орны табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы Отырар төбеден XXIV ғасырдағы медресенің орны табылды

04.05.2022

Түркістан облысындағы Отырар төбеден XXIV ғасырдағы медресенің орны табылды. Қазір қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар көне ғимарат қыштарының қаланғанына қарап, оны Ерзен хан салдырған деген тұжырым жасауда. Тарихи орынды, өңірде ұйымдастырылған халықаралық конференцияға келген ғалымдар да тамашалап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Соңғы үш жылдан бері Отырар төбеде ауқымды реставрация жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде ХІІ-ХІХ ғасырға тиесілі солтүстік және оңтүстік қақпалары мен мешіт, монша, көшелер мен қыш шеберханасы сияқты онға жуық нысан қабырғалары қалпына келтірілді. Ал ғылыми-реставрациялау жұмыстарының әдістері әлемдік тәжірибеге сүйеніп жасалуда. Мұны конференцияға қатысқан шетелдік мамандар да оң қабылдады. Көне қалашықты көріп шыққан ғалымдар келелі басқосуда реставрация жұмыстарына байланысты өз пікірлерімен бөлісті.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу