4 адамның өліміне соқтырған «АрселорМиттал Теміртаудағы» қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер жарияланды. Жұмысшылардың үстіне опырылып түскен шатыр жаңадан салынған екен.
2021 жылы қаңтарда цехтің төбесінде бірнеше плита құлаған. Сол кезден бастап ол жер өндірістік қолданыста болмапты. Ғимараттың техникалық жағдайы тексеріліп, мамандар 100-ге жуық плитаның апатты жағдайда тұрғаны жөнінде қорытынды шығарған. Осылайша төбе қайта жабылған. Нысанға жөндеу жұмыстарымен айналысатын мамандар мен инженерлік-инфрақұрылымды жабдықтаушы бригада ғана кіре алады. Ал мұндағы ескі пешті бұзуға жұмысшылар маусым айының басында кіріскен. Өкінішке қарай, төбе опырылып 5 адамның 4-еуі қайтыс болды. Бірі ауыр жарақаттармен ауруханаға түскен еді.
Наир Виджу, «АрселорМиттал Теміртаудың» бас директоры:
Бұл нысан қолданыста емес. Онда ешқандай өндіріс болған жоқ. Ескі төбе плиталарын жаңалау жұмыстары істелді. Осы уақытқа дейін 50 пайызы аустырылған еді. Жұмысшылар болған аумақтың төбесі жаңадан жабылған.