Ұлытау төрінде Ұлттық құрылтайдың алғашқы басталды.
Жиынға Мемлекет басшысы, Ұлттық құрылтайдың төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.
Еске сала кетейік, Президент Ұлттық құрылтайды құру жөнінде Жарлыққа кеше қол қойған болатын. Бірегей институттың ережесі мен құрамы бекіді.
Ұлттық құрылтайдың құрамында Мәжіліс депутаттары мен Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар. Атап айтқанда ақын Мұхтар Шаханов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, академик Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев, саясаткер Әлихан Бәйменов, балуан Дәулет Тұрлыханов, ғалым-биотехнолог Күнсұлу Закария және тағы басқа азаматтар бар.