Жаңа бағдарлама: 500-ден астам ауыл әкімі курстан өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа бағдарлама: 500-ден астам ауыл әкімі курстан өтіп жатыр

15.06.2022

500-ден астам ауыл әкімі біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп жатыр. «Amanat» партиясы Саяси менеджмент академиясы ауыл және ауылдық округ әкімдерін оқыту бағдарламасын бастады. Бүгін партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бейнеконференция байланысы арқылы оқыту семинарына қатысты. Алғашқы кезеңінде Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының ауыл әкімдері оқыту семинарына қатысып жатыр. Жыл соңына дейін еліміз бойынша екі мыңнан астам ауыл әкімі мен партия аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларын оқыту жоспарланған. Бағдарлама аясында қатысушылар маркетингтік талдау жүргізуді және ауыл экономикасын көтерудің перспективалық бағыттарын анықтауды үйренеді. Ауылда тиімді бизнес-жобаларды жасау дағдыларына қатысты да бағыт бағдар беріледі.

Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

Саяси менеджмент академиясы толыққанды дайындық бағдарламаларын әзірледі. Ең алдымен мақсатымыз оқыту процесін үйлестіру емес, олардың тәжірибесін, құзіреттілігін арттыру.

Ғабит Аманжолов, Шиелі кентінің әкімі:

Халықтың жағдайын көтеру үшін әрбір азамат елге барып сол елдің тұрмысын көтеру үшін бізге осындай көмек ретінде оқу ұйымдастырылды. Өте орынды. Біраз мағлұматтар алдық.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу