Түркістанда екі үшем мен екі егіз дүние есігін ашты
Түркістан облысында тағы да үшем сәби дүниеге келді. Демографиялық өсімімен ерекшеленетін өңірде бұл биылғы жылы туылған екінші үшем. Олар аптаға жуық уақыт дәрігерлердің бақылауында болды. Сәбилердің анасы тұңғыштарының үшем болғанына сенер сенбесін білмей, іштей толқып, аздап қорқып та жүргенін айтады. Сайрам ауданында тұратын отбасы сәбилерін перзентханадан алып шығуға әзірленіп жатыр. Нәрестелерге Раяна, Разия және Райхана деген есім беріпті.
Кәрима Рысдәулетова, үшемдердің анасы:
12 апталығыда УЗИ-ге барғанбыз. Сол кезде естідік. Шокта болдық. Бірақ қатты қуандық. Өте күшті сезім. Бірінші баламның үшем болғанына қатты қуанып отырмын.
Жанар Мұхтарова, №2 перинаталды орталығының неонатолог-дәрігері:
Нәрсетелердің жағдайы алғашқы кезде ауыр болды. Сондықтан тыныс жетіспеушілігіне байланысты респираторлық бақылауда жансақтау бөлімінде болды. Қазір балалар емшек емеді. Анасының қасында. Жағдайлары жақсы. Салмақ қосуда.
Сондай-ақ осы перинаталды орталықта кеше алып сәби дүние есігін ашты. Ай күні жетіп туылған шарананың салмағы 6 келі. Ана мен сәбидің жағдайы ауыр болғандықтан әзірге дәрігерлердің жіті бақылауында.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41