Елордада мемлекетке 490 миллион теңгеден астам аса ірі көлемде зиян келтірген қылмыстық топ сотталды
Елордада екі жыл бойы жалған шот-фактуралар жасап, мемлекетке 490 миллион теңгеден астам аса ірі көлемде зиян келтірген қылмыстық топ сотталды. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, көлеңкелі экономикада түрлі қылмыстар жасаған 7 күдікті ұсталған. Оны айыпталушы Хан Виталий басқарған. Ол өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында, осындай айлаға барған. Енді төленбеген салықтар камералдық бақылау және салық тексерістері арқылы өндіріледі.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті нақты мерзімге - 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05