Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды
Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатыса алатын партиялар тізімін жариялады. Оған сай, наурыздағы додаға 7 партия қатыса алады. Барлығы 14 207 кандидат ұсынылған. Олардың ішінде 892-і Мәжіліске, 13 315-і мәслихатқа кандидат. Мәжілісте барлығы 98 депутат болса, 69-ы партиялық тізіммен және 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады. Ал 223 мәслихатқа 3415 мандат беріліп отыр.
Мәжіліс сайлауына қатысқысы келетін кандидаттардың 86%-ы өзін-өзі ұсынғандар екен. 525 адам. Қазақстан бойынша Мәжіліс сайлауы үшін 29 бір мандатты аймақтық сайлау округі құрылған. Ол бойынша 609 кандидат ұсынылыпты. Астанада 63, Алматыда 49, Шымкенте 45 кандидаттан ұсынылған округтер бар.
Ал партиялар арасында ең көп кандидатты «Аmanat» ұсынды. Саяси ұйым атынан Мәжіліске 119, мәслихаттар сайлауына 3821 үміткер қатыспақ. Олардың арасында бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов, «QazVac» вакцинасын әзірлеуші Күнсұлу Закарья, даңқты палуан Дәулет Тұрлыханов, айтыскер Ринат Заитовтар бар. Жалпы «Amanat»-тың партиялық тізімі 75 пайызға жаңарыпты.
Жаңадан құрылған «Respublica» ұйымы Мәжіліске партиялық тізім бойынша 25 кандидат ұсынып, тағы төрт адамды бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша бекітті. Үміткерлердің орташа жасы - 35. Басым бөлігі - кәсіпкерлер мен блогерлер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бұралқы иттерге қатысты жаңа түзетулер: Жазалау ма, реттеу ме?
19.04.2026, 23:09
Педагогтерді бағалау жүйесі өзгерді: Жаңа тәртіп қандай?
19.04.2026, 22:54
Бастапқы жарна көп болса, ипотека пайызы төмендей ме?
19.04.2026, 22:42
ҰБТ жүйесі: Грантқа түсу шарттары қалай өзгереді?
19.04.2026, 21:26
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04