Оңтүстік Кореяда жүргізушілер жанармайдың қымбаттауына наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда жүргізушілер жанармайдың қымбаттауына наразы

10.06.2022

Оңтүстік Кореяда жүк машиналарын жүргізетін мыңдаған адамның шеруі әрі қарай жалғасып, төртінші күнге ұласып отыр. Олар жанармай бағасының күрт қымбаттауына наразылық білдіріп жатыр.

Елдің көлік министрлігінің дерегінше, осы салада жұмыс істейтін жүргізушілердің 30 пайызы немесе 7200-дей адам ереуілге шыққан. Олар базалық еңбекақы көлемін арттыруды да талап етті. 

Аргентина халқы аштық пен кедейшілікке қарсылық білдірді

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте де сан мың адам манифестацияға қатысты. Олар үкіметтен дұрыс айлық төлеуді талап етіп, дендеп бара жатқан кедейшілік пен аштыққа наразылық білдірді.

Аргентинада жылдық инфляция деңгейі сәуірде 58 пайыздан асқан. Бұл көрсеткіш желтоқсанның соңына дейін 72,6 пайызға жетуі мүмкін.

Бұл мемлекет – Латын Америкасының үшінші ірі экономикасы. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, мұнда қымбатшылықтың күшеюіне Ресей мен Украина арасындағы әскери жанжал да ықпал еткен.


Хабарламаларға жазылу