Әлихан Смайылов шетелдік инвесторлармен жаңа жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шетелдік инвесторлармен жаңа жобаларды іске асыру мәселесін талқылады. Еуропалық қайта құру және даму банкі елімізде экономиканы декарбонизациялау және әртараптандыру, сондай ақ банк секторы мен көлік-логистика саласында екі жақты ынтымақты дамыта бермек. 30 жылда қаржы, инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп және цифрландыру саласында 300-ге жуық жобаны жүзеге асырған. Олардың жалпы құны 11 млрд АҚШ долларынан асады. Соңғы кезде банк жасыл технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін дамытуға инвестицияны көбейтті. Әлихан Смайылов жаңа жобаларды жүзеге асыру жолдарын Glencore және Philip Morris International компаниясының басшыларымен де талқылады.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19
Биыл көмір тапшылығы болмайды
11.09.2026, 20:18