Ақтөбеде бұралқы иттер қой-ешкілер мен құстарға шаба бастады. Бүгін таңертең қала іргесіндегі Ақжар-1 ауылында бір үйдің 20 шақты қаз бен тауығын қырып кеткен.
Салиха Күзенова таңғы алты жарымдарда иттің даусын естіп, далаға шыққан. Ауласында жүрген алты қазы мен күркетауықтарын және тауығын шөжелерімен бірге жеп кеткенін көзімен көріпті. Қаздарының өлексесі әлі жатыр. Айтуынша, бұл бірінші жағдай емес. Бұған дейін көршілерінің де құстарын қырып кеткен. Тіпті бір тұрғынның қойына дейін талап тастаған. Ауыл халқы «Қаңғыбас иттерді өлтіруге болмайтын заң қайта қаралсын, болмаса жергілікті билік басқа амалын жасасын», - дейді.
Салиха Күзенова, Ақжар-1 ауылының тұрғыны:
Күрткетауығымды ит алып, бақшамды жайратып кетті. Енді не істейміз? Не шара қолдануға болады? Бұл деген масқара? Неше адамды талап жатыр. Бір күні адамға шауып, адамды да өлтіруі мүмкін.