Атырауда ірі көлемде пара алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицері 7 жылға сотталды
Атырауда ірі көлемде пара алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің офицері сотталды. Ол жеке компанияны тексеру кезінде басшысынан істі тоқтатуға ықпал ете алатынын айтып, 50, кейін 30 млн теңге талап еткен. Ақыр соңында тараптар 21 млн теңгеге келіседі. Сотта алаяқтыққа барған 31 жастағы жедел уәкілдің аталған сомадағы қаржыны алғаны толық дәлелденді.
Тағылған айып жәбірленушінің және куәлардың айғақтарымен, Whatsapp мессенджеріндегі хаттармен, аудио-бейне жазбаларды негізге алып тағайындалған сараптама қорытындысымен расталды. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Әрі бесінші біліктілік санатынан айырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08