Алматыда халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті
Алматы облысында балалар жылына орай халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өтті. Өнертапқыштар додасы биыл осымен сегізінше рет ұйымдастырылып отыр.
Сайысқа елімізбен алыс-жақын шетелдерден 400-ге жуық оқушы қатысты. Шара барысында қатысушылар робототехника көрмесіне қатысып, роботтар сайысында бақ сынады. Жас өнертапқыштар жұмыстарын алты бағыт бойынша қорғады. Жарыс соңында қатарластарынан оқ бойы оза шапқандар анықталып, марапатталды.
Байқаудың мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы шеберлікті шыңдап, ел абыройын əлемдік аренада асқақтату. Мұндай додалар жастардың шығармашылығын шыңдап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, дейді жеңімпаздар.
Расул Абуов, компьютерлік жобалар жарысының жеңімпазы:
Осындай ІТ конкурстар бізге, әсіресе жасөспірімдерге өте жақсы. Себебі жасөспірімдер өздерінің еңбегінің құнын біледі. Әрі талпынады. Командамен жұмыс істейді. Жаңа стартаптарды бастау ойда бар. Бірақ осы стартапты дамыту жағын немесе жаңасын ашуды қарастырып жатырмын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталады
12.09.2025, 10:53

Ақмолалық инспекторлар «Игі істер» акциясы аясында зейнеткерлерге көмектесті
12.09.2025, 10:23
Жетісу облысында жедел жәрдем көліктері табысталды
12.09.2025, 10:21
Мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады
12.09.2025, 10:20
Абай облысында денсаулық сақтау жобаларына 5,6 миллиард теңге бөлінді
12.09.2025, 10:19
Бір палаталы Парламент құру үшін референдум өткізуді ұсыну – демократияның айқын көрінісі
12.09.2025, 10:15
Албания әлемде алғаш болып министр лауазымына ЖИ-ді тағайындады
12.09.2025, 10:14
Өзбекстанда кибершабуылдарға қарсы күрес күшейді
12.09.2025, 10:13