Басты Жаңалықтар Өзбекстанда кибершабуылдарға қарсы күрес күшейді

Өзбекстанда кибершабуылдарға қарсы күрес күшейді

 Өзбекстанда кибершабуылдарға қарсы күрес күшейді. Тұрғындардың жеке мәліметіне заңсыз қол сұғып, карталарынан ақша алып келген қылмыстық топтың ісі әшкере болды. Ұйымдасқан топтың құрамында әлемнің 11 елінен адамдары болуы мүмкін деген болжам бар. Вирус жасап, оны желіге таратқан олар қысқа уақытта 130-ға тарта азаматтың банк карталарынан 3 миллиард сум немесе 250 мың долларға жуық қаражат ұрлаған. Әзірге бес күдікті Ташкентте қолға түсті, қылмысқа қатысы бар өзге азаматтар іздестіріліп жатыр. Алаяқтар Telegram мессенджері арқылы Android құрылғыларына арналған вирусты таратқан. Осы арқылы SMS-хабарламаларға, контактілер мен қоңыраулар тізіміне қол жеткізіп отырған.

 Жахонгир Садуллаев, Ташкент қалалық ІІБ өкілі:

  «Қауіпсіз киберкеңістік» жедел шаралары барысында қолға түскен бес адам қамауға алынды. Оларға қатысты қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен іс қозғалды. Өзге сыбайластары іздестіріліп жатыр.
 


Бөлісу