Басты Жаңалықтар Инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталады

Инвестиция тартудың жаңа кезеңі басталады

 

Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Сондықтан Президент Жолдауда инвестициялық саясаттың жаңа кезеңін бастауды тікелей Премьер министрге тапсырды. Әсіресе өңдеу саласына көбірек қаражат тартып, қажет болса жоғары технологияларға салынатын инвестицияларға жеңілдік беруге болатынын атап өтті. Жолдауда инвестиция бойынша мемлекет басшысы  міндеттеген тапсырмаларға қатысты әрі өңірдегі қарапайым тұрғындардың  пікірі төмендегідей:

 

Тартылған инвестиция аумақта өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік береді. Шикізаттық өнімді сатудан бөлек, біз яғни, сол шикізатты өзіміз өндіріп, аймақтарда өнеркәсіптің дамуына сонымен бірге жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік береміз.

 

Әсіресе біздің Маңғыстау облысы инвестиция ең қажет, мұқтаж аймақтардың бірі деп ойлаймын. Өйткені, бізде қазіргі тек мұнай ғана емес, экономиканы мына туризмді кластерді дамыту бағытында да қаражатты көп бөлу керек деп ойлаймын.
 

Президентіміз айтты ғой жолдауда. Соны мен қос қолдап қолдаймын. Егер цехтар салынатын болса, қажетті мамандарды жетілдіретін болса бізде сонда ғана бұлыңғыр болашақ емес, кемел келешек күтеді.

 

Қаламызға инвестиция тарту болашақта жастарға үлкен ықпал етеді, қолдау болады. Егерде инвестициялар тартылатын болса болашағымыз жарқын болады.  
 

 

 

Бөлісу