Албания әлемде алғаш болып министр лауазымына ЖИ-ді тағайындады
Албания әлемде алғаш болып министр лауазымына жасанды интеллектіні тағайындады. Премьер-министр Эди Раманың мәлімдеуінше, Diella деп аталатын ЖИ-бот жаңа құрылған Виртуалды мемлекеттік сатып алулар министрлігін басқарады. Бұл туралы Albania Tema газеті және Reuters агенттігі хабарлады. Жасанды сана басқаруындағы орган барлық мемлекеттік тендерлерге жауапты болады және жеке компаниялармен келісімшарт жасауға көмектеседі. Diella бұған дейін e-Albania платформасы арқылы виртуалды көмекші қызметін атқарған. Айта кетейік, бұл елде мемлекеттік сатып алулар саласында жемқорлық жиі тіркеледі. Сарапшылардың пікірінше, Албанияда дүние жүзінде есірткі мен қару-жарақ саудасынан түскен ақшаны жылыстатумен айналысатын бандалар бар.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22
Қызылордада көпбейінді аурухана жыл соңында ашылады
08.09.2026, 17:20
Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 17:17