Абай облысында денсаулық сақтау жобаларына 5,6 миллиард теңге бөлінді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда ауылдан бастап ірі орталықтарға дейінгі барлық медициналық нысандар кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатқанын атап өткен еді. Осы орайда заңсыз иемделген активтерден қайтарылған қаржы есебінен Абай облысындағы денсаулық сақтау жобаларына 5,6 миллиард теңге бөлінді. Қаражаттың басым бөлігі Үржар мен Аягөз ауданындағы көпсалалы орталық ауруханалардың қосымша корпустарын салуға бағытталған. Әсіресе заманауи медициналық техника сатып алуға мән беріліп отыр. Бұған дейін қор қаржысы есебінен Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік психоневрология мекемесінің құрылысына 2,6 миллиард теңге бөлінген болатын.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30