Сырдариядан суға кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында Сырдария өзеніне шомылуға барған жасөспірім суға батып кетті. 15 жастағы бозбала анасымен бірге елордадан Сыр өңіріне экскурсияға келген.
Қайғылы жағдай кеше түске таман Қорқыт ата кесенесінің тұсында болған. Жасөспірім анасының көзін ала сол маңдағы дарияға суға түскен. Аптап ыстықта шомыламын деп, мерт болған баланың денесін іздеуге 5 құтқарушы жұмылдырылған. Мүрдесі бүгін таңертең оқиға орнынан 10 шақырым төмендегі өзен сағасынан табылды.
Жалпы облыста суға кету деректері азаймай тұр дейді мамандар. Сондықтан ата аналарға сақ болуды ескертеді.
Бақыт Ембергенов, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы:
Жыл басынан бері бізде осымен 11 адам, оның ішінде 5-еуі бала боп тұр. Балдардың барлығы демалысқа шықты. Каникул дейміз. Сондай кезде балдарға еге болса, балдарды қараусыз қалдырмау керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06