Бурабайда батпаққа батқан бұғы құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда батпаққа батқан бұғы құтқарылды

08.06.2022

«Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық саябағы аумағында батпаққа түсіп кеткен бұғы құтқарылды.

Жануарды саябақ инспекторлары көріп қалып, алып шыққан. Табиғатты қорғау мекемесі бұл бейнажазбаны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Құтқарылған жануар - Аскания бұғысы. Бурабай аумағында олардың саны 1300 шамасында. Бұғының бұл түрі елімізге 1983 жылы әкелінген.


Хабарламаларға жазылу