Мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз берген қызметкерлер жұмыстан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз берген қызметкерлер жұмыстан босатылды

02.05.2024

Eurasian Resources Group компаниясына қарасты Павлодардағы “Қазақстан алюминийі” АҚ-ы Металлургтер саябағында жер телімін заңсыз иемденіп, ол жерде екі көпқабатты үй салмақ болған. Алайда облыстық прокуратура 1,2 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл заңсыздыққа жол берген тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшылары жұмыстан босатылды. Ал, қазылған саябақ аумағын қайта қалпына келтіру кәсіпорынға міндеттелді.

Дастан Сәкенов, Облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары:

Біріншіден бас жоспардың талаптары бұзылған. Екжей-текжейлі жоспарлау жобасы бұзылған. Және бұл рекрациялау жерге жататындықтан бұл жерде көп қабатты үй салуға тиым салынады. Қазіргі таңда лауазымды тұлғалар жұмыстан босатылған.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу