Кешегі өткен референдум көпшіліктің көңілінен шықты. Сайлауды бақылаған халықаралық және шетелдік байқаушылар саяси шараны жоғары бағалады. Ешқандай заң бұзушылықтың болмағанын да атап өтті. Ал, реформаларды қорытындылауға арналған дөңгелек үстелде саясаттанушылар саяси реформалар үшін дауыс берген әр азамат үлкен жауапкершілікпен әрі қарай да елді дамытуға өз үлесін қосу керек дегенді айтады.
Саяси реформалар іс-жүзінде іске асып, елімізде жақсы өзгерістер болуы үшін әрбір азамат референдумнан кейін де саяси белсенд болуы тиіс. Мұндай пікір бүгін Ұлттық сараптама алаңында айтылды. Сарапшылар саяси шараға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Айтуларынша, Конституцияға түзету енгізу еліміз үшін өте маңызды оқиға.
Қазбек Майгелдинов, Қазақстан қоғамдық даму институтының директоры:
Референдумнан кейінгі келесі қадам, бұл әрбір азаматтың алда болатын өзгерістерге өзінің қатыстығын білдіру үшін жұмыс топтары бар, арнайы заңдарды қарастыру бойынша өтініштер қабылданатын болады, осы тұрғыдан біз әле де болса осы реформаларды жүзеге асыруға әрбір Қазақстан азаматы өзінің белсенділігін таныту қажет.
Референдум ашық әрі әділ өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин Қазақстанда өткен саяси науқаға жоғары бағасын берді. Халықаралық ұйымдар мен шетелдік байқаушылармен бірлесе жұмыс істеп, Орталық Референдум комиссиясының референдумға дайындығы мен оны өткізуі туралы жұмысын бақылады. Сондай-ақ елордадағы дауыс беру процесіне де қатысқан.
Чжан Мин, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы:
Миссия Орталық референдум комиссиясы мен қоғамдық ұйымдардың тәжірибелік материалдары негізінде ортақ шешімге келді. Қазақстан тарапы өзінің талаптарын толық орындады деп есептейміз. Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум халықаралық стандарттар мен Қазақстанның сайлау заңнамасына сай өтті. Референдум барысында ешқандай заң бұзу анықталмады. Миссия Қазақстандағы референдумды ашық әрі әділ, демократиялы түрде өтті деп есептейді.
Шетелдерден келген байқаушылар да саяси науқанға оң бағасын берді. Орталық референдум комиссиясы мен мемлекеттік органдар дауыс беру барысында барлық норманың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етті. Учаскелердегі жұмысты ұйымдастыру лайықты деңгейде өтті, құқық бұзушылық болған жоқ дейді байқаушылар.
Эльмира Хаймурзина, Ресей федерациясы орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
«Мен өзім болған учаскелерде халық белсенділігі өте жоғары болды. Тіпті өз таңдауларын жасау үшін кезек күткен адамдарды да көрдім. Отбасыларымен келіп дауыс бергендер де бар. Мұның барлығы азаматтардың үлкен жауапкершілігін көрсетеді. Учаскелердегі тыңғылықты дайындық, мамандардың біліктілігі, барлығы көрініп тұр»
Партиялық емес байқау орталығының өкілдері референдум барлық заң талаптарына сәйкес өткенін хабарлады. Қоғамдық бірлестік төрағасы Төлеген Күнәділовтың айтуынша, саяси науқан алдында онлайн және оффлайн форматта 300 семинар ұйымдастырылды. Олар референдум күні 10 мың учаскіге 20 мың тәуелсіз байқаушы жіберген.
Асылбек Данияр