Алматыдағы нөмірі 139-референдум учаскесі алдында бауырсақ пісіріліп, дауыс берушілерге таратылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы нөмірі 139-референдум учаскесі алдында бауырсақ пісіріліп, дауыс берушілерге таратылып жатыр

05.06.2022

Алматыдағы нөмірі 139-референдум учаскесі алдында бауырсақ пісіріліп, дауыс берушілерге таратылып жатыр. Жалпы, ол жерде екі экзит пул мүшеcі жұмыс істеуде. Олардың айтуынша, түске жақын дауыс берушілер қатары арта бастаған. Әсіресе, маңызды науқанға қатысушылар арасында жастар мен отбасымен келіп жатқандар көп.

Гүлмира Әбілқайырова, Exit-poll мүшесі:

Біз референдумға қатысушылардан науқанның әлеуметтік- демократиялық тұрғыда қалай өтіп жатқанын сұраймыз. Келушілер санын анықтаймыз. Олардың алғашқы саны сағат 12:00-де жарияланады. Жалпы, ешқандай заңбұзушылық анықтамадық.


Хабарламаларға жазылу