Алматыдағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер саны сағат санап артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер саны сағат санап артып келеді

05.06.2022

Алматыдағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер саны сағат санап артып келеді. Қаладағы дауыс беру нысандарының көпшілігінің алдында музыка ойнап тұр. Енді бірінде бауырсақ пісіріліп, халыққа таратылып жатыр.

Фариза Мұсақызы, тілші:

Біз қазір Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындамыз. Қаладағы нөмірі 254-референдум учаскесі осында тіркелген. Мұнда 1759 адамнің тізімі бар. Осы уақытта дауыс берушілердің 30 пайызы өз таңдауларын жасап үлгерген. Қазір менің жанымда сол дауыс берушілердің бірі тұр.

Мунира Артықбекова, қала тұрғыны:

Мен өзім қуана-қуана келдім, дауысымды бердім. Өйткені бұл бәрімізге маңызды, керекті жағдай. Елімізде болып жатқан оқиғаларға байланысты, дүние жүзінде болып жатқан оқиғаларға байланысты үлкен, керекті өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондықтан, мен шын көңіліммен бұл референдумды қолдаймын.

Фариза Мұсақызы, тілші:

Тағы бір айта кететін жәйт, Ұлттық кітапхана дауыс берушілердің ішінде он сегізге толып, алғаш рет өз таңдауын жасап жатқандарға 39 кітабын сыйға тартты. Студия, мендегі ақпарат әзірге осы. Сөз өзіңізде. Біз референдум учаскелерінен хабар таратуды жалғасытра береміз.


Хабарламаларға жазылу