«Біздің ел - біздің таңдау» онлайн марафоны мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Біздің ел - біздің таңдау» онлайн марафоны мәресіне жетті

21.11.2022

«Біздің ел – біздің таңдау» атты онлайн марафоны да мәресіне жетті. Саяси науқан қарсаңында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйытқы болған шара бас-аяғы 2000-нан астам спикердің басын қосты. 16 сағат бойы тікелей эфирде ақпарат таратқан медиа жиын осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Марафон 80-ге жуық республикалық және аймақтық БАҚ арқылы онлайн көрсетілді.

Раушан Сайлауқызы, тілші:
Аудиторияның атмосферасы бөлек. Марафонның форматы да ерекше. Бір алаңда сан алуан маман тоғысты. Маңызды ақпарат, мазмұнды сұхбат, әдемі ән, қызықты қойылым да бәрі бәрі дәл осы алаңда.

Бүгін тарихи күн. Халық өз таңдауын жасады. Алдағы 7 жылдағы даму бағытын айқындады.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Өзім дауыс бердім жаңа. Учаскеде барлығы тыныш. Халық келіп жатыр. Халық үмітпен, жақсы көңіл-күймен, жауапкершілікпен дауыс беріп жатқанын көріп көңілім марқайды.

Сайлаудың саяси салмағы басым. Маңызды науқан күні Қазақстан арнасы жылдам және жан-жақты хабар таратудың сан түрлі тәсілін қолданды. Электораттың саяси белсенділігі, дауыс беру барысы жайлы соңғы ақпараттар осы алаңда айтылды.

Дискуссия да , баспасөз жиыны, тікелей қосылым да бар. Сағат сайын сан түрлі тақырып қаузалды. Ұрпақ тәрибесінен бастап ұлт болашағы, ел дамуы, цифрлы мүмкіндіктер ой талқыдан өтті. Қазақстан телерадиокорпорациясы ұсынған медиа саладағы бұл тәжірибе көптің көңілінен шықты.

Серік Негимов, Филология ғылымдарының докторы, профессор:
Бүгінгі марафонымыз халықтың сөзін айтатын болса, тың тілегін айтатын болса осының өзі тамаша жақсылықтардың көрінісі. Жігерлі сөз айту үшін, ақылды сөз айтуы үшін, осындай аудитория алдында, эфирдің алдында айта білуіміз керек. Осындай марафондардың маңызы зор.
Самат Мұсабаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Саясаттанушылар мен депутаттар, қоғам қайраткерлері, мәдениет және спорт саласының өкілдері белсенді жастар мен блогерлер де осы алаңда жүр.
Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы:
Бүкіл еліміз үшін жауапты күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы инфотейнмент форматындағы үлкен шара ұйымдастырып өткізіп жатырмыз. Біздің алаңымыздан 2000-ға жуық спикер өтіп жатыр. Әртүрлі тақырыптарда дискуссиялар, мотивациялық спичтер өз ісінің үздіктері жиналып, жастармен тәжірибесімен бөлісіп жатыр. Екіншіден еліміздің болашағына қатысты маңызды әңгімелер айтылды. Біздің командамыз үшін үлкен тәжірибе. Себебі, екінші рет өтікізіп жатырмыз.

Аудитория лық толы. Жасы да жасамысы да осында. Мотивациялық монологтар, танымал стендаперлер мен сахна жұлдыздарының өнері көрермен көңілін көтерді.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу