Онлайн телемарафонға 2000-нан астам спикер қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онлайн телемарафонға 2000-нан астам спикер қатысып жатыр

20.11.2022

«Біздің ел – біздің таңдау» атты онлайн телемарафонына бас-аяғы 2000-нан астам спикер қатысып, түрлі тақырыпта өз пікірін білдірді. Таңғы тоғызда басталған шара әлі де жалғасып жатыр. Дәл қазір осы алаңда жүрген әріптесім Раушан Сайлауқызы, бізбен байланысқа шығады. Раушан дәл қазір марафон қандай форматта өтіп жатыр.

Раушан Сайлауқызы, тілші:
Иә, дәл қазір мұндағы аудиторияның атмосферасы бөлек. Көңілдері көтеріңкі. Жиналғандардың санында есеп жоқ. Жасы да жасамысы да бар. Саясаттанушылар мен депутаттар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, спорт саласының өкілдері белсенді жастар мен блогерлер қатысып жатыр. Әсіресе, жастар қауымы көп.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Маңызды ақпарат пен мазмұнды сұхбаттан бөлек, әдемі ән, қызықты қойылым да осы алаңнан назарларыңызға ұсынылады. Одан бөлек, танымал тұлғалардың мотивациялық монологтары жоспарланған. Сахна жұлдыздары мен танымал стендаперлер өнер көрсетіп жатыр. Құрметті көрермен, сіздер марафонды Отандық теле-радио арналар мен олардың интернет ресурстары және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тамашалай аласыздар.


Хабарламаларға жазылу