Референдумға шет елдерде жүрген отандастарымыз да белсенді қатысып жатыр. Айта кетейік, алғаш болып Жапония мен Кореядағы дауыс беру учаскелері жұмыстарын бастаған. Сол елдерде оқумен немесе жұмыс бабымен жүрген Қазақстан азаматтары бірінші болып таңдау жасады.
Аманкелді Салыбеков, Қазақстан Республикасының азаматы:
Осы айтулы өзгеріске септігімді тигізе отырып, өзім бей жай қалмай өзімнің «сайлауға» дауысымды бердім. Бұл референдумнан Қазақстанға үлкен өзгерістер болатынына сенімдімін.
Гауһар Тоқтарова, Қазақстан Республикасының азаматы:
Жапонияға келгелі 3 жарым жылдан асты. Қазіргі уақытта Жапонияның компаниясында жұмыс істеймін. Елдегі саяси және басқару жүйесіндегі реформаларға құқықтық негіз беретін бұл референдумның маңызы зор. Бұл еліміздің болашағын айқындайтын қадам.
52 мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылған
Сонымен қатар, Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Джакарта, Ұлан-Батыр қалаларында да дауыс беру ерте басталды. Мәселен, Бейжіңдегі 257-ші референдум учаскесі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 5-те ашылды. Айта кетейік, 52 мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылған. Олардың мекенжайы елшіліктердің сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда жазулы тұр. Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, 11 мыңнан астам азамат шет елдерде жүріп өз таңдауын жасайды.
Нұрлан Аққошқаров, Бейжіңдегі №257 учаскенің референдум комиссияcының төрағасы:
Жалпы Қытайда 3 участок құрылған. Жалпы Пекиндегі ҚР азаматтар саны 100 адам дауыс береді едп күтілуде. Ганконгта 36 адам. Шанхайда 25 адам.