Басты Жаңалықтар Ұлттық Ұлан әскери қызметкерлері ҚР Конституция күніне орай салтанатты кеш ұйымдастырады

Ұлттық Ұлан әскери қызметкерлері ҚР Конституция күніне орай салтанатты кеш ұйымдастырады

Ұлттық Ұлан әскери қызметкерлері ҚР Конституция күніне орай салтанатты кеш ұйымдастырады

Астанада еліміздің Ата заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 жылдығына орайластырылған іс-шаралар өтуде. Құжат әскери қызметкерлер қорғайтын еліміздің басты құндылықтарын - Тәуелсіздікті, Бейбітшілікті және Тұрақтылықты бекітті, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.

Мереке қарсаңында Ұлттық Ұлан сарбаздары әскери қызмет озаттарын құттықтап, грамоталар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етеді. Сондай-ақ, көрермендер назарына мерекелік концерт ұсынылады.

Салтанатты шараға Ұлттық Ұланның Бас қолбасшылығы, офицерлер мен келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер, Ұлы Отан соғысы мен жергілікті соғыстардың ардагерлері, сондай-ақ, өзара әрекет ететін органдардың өкілдері қатысады.

Шара 29 тамызда сағат 16:00 Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығының акті залында өтеді.

Бөлісу