Ұлттар Лигасы: Қазақстан құрамасы бүгін Әзірбайжанмен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттар Лигасы: Қазақстан құрамасы бүгін Әзірбайжанмен кездеседі

03.06.2022

Бүгін УЕФА Ұлттар Лигасы аясында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Әзірбайжан командасын қабылдайды. Астана-Арена стадионында қос құрама кім мықтыны анықтамақ.

Биыл командалар жарыстың С тобында өнер көрсетіп жатыр. Кеше осы матч қарсаңында арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, құрамалар БАҚ құралдары үшін ашық жаттығу ұйымдастырды. Жақында ғана ұлттық құраманың тізгінін ұстаған Магомед Адиев ойынға тастүйін дайынбыз дейді. Бас бапкер командаға жас ойыншыларды көп тартқан. Дегенмен негізгі құрамдағы бірқатар ойыншылар атап айтқанда Логвиненко, Мужиков, Зайнутдинов жарақатына байланысты бұл ойынға қатыспайды. Адиев өз жанкүйерлеріміздің алдында жеңіске жеткіміз келеді. Дегенмен бізді қиын ойын күтіп тұр деп атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары 8 рет кездескен. Оның төртеуінде біздің футболшылар жеңіске жетсе, екі ойын тең аяқталды.

Магомед Адиев, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

Әзербайжан командасын мықты қарсылас деп есептейміз. Ойын оңай болмайды.Олардың қандай футбол ойнайтынын, бапкердің қандай стильді ұстанатынын білеміз. Матч біздің алаңда, біздің стадионда және өз елімізде өтеді. Сондықтан жеңіс үшін аянып қалмаймыз.

Джанни де бьязи, футболдан Әзербайжан ұлттық құрамасының бас бапкері:

Команданың негізгі құрамын анықтап қойдық. Жаттығулар кезінде тағы біраз нәрсені байқап көрдік. Мен өз командамың әлеуетіне сенемін. Жасанды төсеніш қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Кәсіпқой футболшылар кез-келген алаңда ойнауға үйренген.

Бұл ойынды бүгін кешкі сағат сегізде Қазспорт арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу