Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы Франция командасымен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы Франция командасымен кездеседі

02.09.2016
Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы Франция командасымен кездеседі

Бүгін, 2 қыркүйек күні, хоккейден Қазақстан құрамасы Ослода өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу турнирі аясында Франция командасымен кездеседі.

Аталған матч Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. Ойынды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Андрей Назаров шәкірттері овертаймда алаң қожайындарын 4:3 есебімен ұтқан болатын. Өз кезегінде Франция хоккейшілері де овертаймда Италиялықтарды жеңді. Есеп - 2:1.

Хабарламаларға жазылу