АҚШ-тағы жаппай атыс: Байден қару мәселесіне қатысты үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тағы жаппай атыс: Байден қару мәселесіне қатысты үндеу жасады

03.06.2022

АҚШ президенті Джо Байден Конгресске жаппай атыстарды болдырмау үшін кейбір қару түріне тыйым салуға, биографиялық мәліметтерді тексеруді кеңейтуге үндеді.

«Әлі тағы қанша қырғынға көнуге дайынбыз?» деп сұраған Байден америкалықтар мұндай жағдайға қайта куә болуына жол бермеу керектігін баса айтты. Ақ үй басшысының сөзінше, ересектердің қару сатып алу жасын шектеу тәрізді бірқатар шараларды республикалықтар қабылдамай отыр.

Айта кетсек, соңғы кездері Құрама Штаттарда жаппай атыс жиілеп кетті. Екі күн бұрын АҚШ-тың Оклахома штатында ер адам аурухананың ауласында оқ жаудырып, 4 адам қаза тапты. Мұның алдында Техас штатында «Робб» бастауыш мектебіне жасалған шабуылдан 19 оқушы мен екі мұғалім құрбан болды. Ал мамырдың басында Нью-Йорк штатының Буффало қаласында дәл осындай оқиға кезінде 10 адам көз жұмып, бір күдікті қамауға алынды.

«Рейтердің» мәліметінше, биыл АҚШ-та қарулы шабуылдан 18 мыңнан астам адам қаза тапқан.


Хабарламаларға жазылу