Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл
Биыл Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл толып отыр. Осыған орай республика бойынша 180-нен астам шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде кітап көрмелері мен ғылыми-практикалық конференциялар бар. Бұл туралы Мәдениет және Спорт министрлігінің өкілдері брифинг барысында мәлімдеді.
Ал 4 маусым күні сағат 10:00-де «Атамекен» этно-мемориалдық саябағында Мемлекет басшысының қатысуымен Ту көтеру рәсімі өтеді. Сондай-ақ республика бойынша Әнұран орындау флешмобы ұйымдастырылмақ. Авто-мото шерушілер қаланың басты көшелерімен жүріп, көк байрағымызды желбіретеді.
Асылбек Баяжұма, «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры:
Қазақстанның көк Туы 30 жылдың ішінде әлемдік деңгейдегі спорттық сайыстарда 4 мың рет желбіреген. Ал Елтаңбамызға келетін болсақ, әлемдік рейтинг бойынша ең әсем, ең әдемі елтаңбалардың ішінде 9-орынды алады. Көк Туымыз оңтүстік полюсьте де, солтүстік полюсьте де, Антарктидада, Арктикада да тігілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08