Түркия Сирияның солтүстігінде әскери орперация бастауды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Сирияның солтүстігінде әскери орперация бастауды жоспарлап отыр

01.06.2022

Түркия Сирияның солтүстігінде әскери орперация бастауды жоспарлап отыр. Ол науқанның мақсаттарын бүгін мемлекет лидері жариялады. Президент Реджеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, түрік әскері Сирияның Тал-Рифат және Манбидж аймақтарын лаңкестерден тазартып, араб республикасының теріскейіндегі басқа аудандарда жоспарланған әскери операцияларын біртіндеп жүзеге асырады. Ердоған өткен аптада айтқандай, Түркия өзінің оңтүстік шекарасы бойында 30-шақырымдық қауіпсіздік аймағын құрады. Ондағы мақсаты – Сириялық Күрдістандағы қарулы отрядтарды елден мейлінше алшақтату. Ол содырларды Түркия террористік ұйымдар тізіміне іліккен Күрдістан жұмысшы партиясымен байланыста деп есептейді. 

Арыстанбек Рысбек

Хабарламаларға жазылу