Р.Ердоған түрік армиясының Сириядағы күрдтерге қарсы жаңа операция бастайтынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Р.Ердоған түрік армиясының Сириядағы күрдтерге қарсы жаңа операция бастайтынын мәлімдеді

13.12.2018

Түркия бірнеше күннен кейін Сирияның солтүстігінде күрд жасақтарына қарсы жаңа әскери операция бастайды. Мұны президент Реджеп Тайып Ердоған мәлімдеді. Ал, Вашингтон бұл науқанды біржақты деп атап, оған жол берілмеуі керек деді. Дегенмен, Түркия Республикасының басшысы айтқандай, алдағы соғыста Пентагонның жауынгерлері нысанаға алынбайды.

Анкара үшін Сирияның солтүстік-шығысындағы үлкен аумақты бақылауға алған күрд содырлары – Түркияның өз ішінде тәуелсіздік үшін күрес жүргізген «Күрдістан» жұмысшылар партиясының жалғасы әрі террористер. Ал, Вашингтон ол отрядтарды кезінде «ДАИШ»-пен күреске жұмылдырған еді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу