Украинадағы ахуал: АҚШ Киевке 80 шақырымға жететін зымырандық жүйе береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы ахуал: АҚШ Киевке 80 шақырымға жететін зымырандық жүйе береді

01.06.2022

АҚШ Украинаға дүркін-дүркін ататын «Химарс» реактивті жүйесін беретін болды.

Мұны Ақ үй басшысы Джо Байден «Нью-Йорк Таймс» газетіне жазған мақаласында мәлімдеді. Аталған зымырандық жүйеге тек 80 шақырымдағы нысандарға дәлдеп тиетін снарядтар ғана беріледі. Бұл Ресейдің «Смерч» артиллериясының диапазонынан 10 шақырымға артық. Байденнің мәлімдеуінше, зымырандық жүйе Ресейдің Украина жеріндегі шабуылына тойтарыс беру үшін қажет. Ал Ресей аумағындағы нысандарды ату үшін қолданылмайды.

Украинадағы соңғы жаңалықтарға тоқталсақ. Ресей күштері Северодонецкінің жартысын басып алды. Луганск облысы әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдайдың мәлімдеуінше, олар қаладағы химиялық зауытқа әуеден соққы берген. Снаряд азот қышқылы сақталған цистернаға тисе керек. Сонымен бірге Украина әскерилерінің дерегіне сай, Ресей армиясы Сиверск және Райгородок қалаларына шабуыл жасауға дайындалып жатыр. Осы арқылы олар Северодонецк-Лисичанск ауданындағы украиналық әскерді қоршауды көздейді. Осы Луганск облысын атқылау кезінде француз журналисі қаза тапты. Украинада қарулы қақтығыс басталғалы сегіз журналист оққа ұшқан.


Хабарламаларға жазылу