Непалдағы ұшық апаты: Лайнер құлаған жерден 20 адамның денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалдағы ұшық апаты: Лайнер құлаған жерден 20 адамның денесі табылды

30.05.2022

Непал әскері ұшақ құлаған жерге жетті. Апат орнынан 20 адамның денесі табылған. Әуе кемесінің бортында барлығы 22 жолаушы болған. Олардың екеуі германиядан, төртеуі үндістаннан, қалғаны - непалдықтар. "Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, жоғалған екі адамның тірі табылуы екіталай. Лайнер туристік Покхара қаласынан көкке көтерілгеннен кейін 15 минуттан соң радарлардан жоғалып кеткен. Оның құлауына қолайсыз ауа-райы себеп болуы мүмкін.     

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу