Конституция күніне орай Қызылордада сауда орындары мерекелік жеңілдіктер ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституция күніне орай Қызылордада сауда орындары мерекелік жеңілдіктер ұсынады

27.08.2014
Конституция күніне орай Қызылордада сауда орындары мерекелік жеңілдіктер ұсынады

Конституция күніне орай,  Қызылорда қаласындағы сауда нысандары тұрғындарға мерекелік жеңілдіктер ұсынады.

Қала әкімдігінің ұсынысына сәйкес,  30 тамыз күні «Мирас», «Ануар», «Магнат», «Рамазан», «Жайна», «Айтбек», «Асбол», «Ағжан» сауда үйлері мен орталықтарында  бау-бақша, көкөніс өнімдеріне, киім-кешектер мен тұрмыстық тауарларға 10-15 пайыздық мерекелік жеңілдіктер жасалады.

Сондай-ақ, Тоқтыбаев көшесінің бойында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Мұнда ұсынылатын өнімдер 15 пайыздық жеңілдікпен сатылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу