Астанада Конституция күніне орай мерекелік велошеру өтті (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Конституция күніне орай мерекелік велошеру өтті (ФОТО)

24.08.2014
Астанада Конституция күніне орай мерекелік велошеру өтті (ФОТО)

Конституция күні қарсаңында ұйымдастырылған велошеруге Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, «Astana Pro Team» командасының капитаны, биылғы «Тур де Франс» көпкүндігінің жеңімпазы Винченцо Нибали және «Astana Pro Team» командасының өкілдері Якоб Фульсанг, Микеле Скарпони, Максим Иглинский, Дмитрий Груздев пен Астана қаласының тұрғындары қатысты.

Велошеру – бұл тек спорттық сайыс қана емес, мұның басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтырумен шұғылдануға, оның ішінде велосипед спортына жастардың назарын аударту, дейді велошеруді ұйымдастырушылар.

Велошеруге қатысушылар «Салтанат сарайы»  ғимаратының алдынан «Астана-Арена» стадионына дейінгі 4600 метрді жүріп өтті.

 

Хабарламаларға жазылу