Еліміз бойынша киік саны 1 млн 300 мыңға жетті
Үкімет қаулысымен Батыс Қазақстанда «Бөкей ордасы» мемлекеттік резерваты мен «Ащыөзек» табиғи қаумалы құрылды. Ал киік саны еліміз бойынша 1 млн 300 мыңға жетті. Орал популяциясында 800 мың бас бөкен бар. Ресми санақ қорытындысын аймаққа жұмыс сапарымен келген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді. Ол аудандарға барып, киіктерден зардап шегіп отырмыз деп шағымданған шаруалармен кездесті. Резерваттың ашылуы осы мәселені шешуге ықпал етпек. Табиғи аумақтың жалпы ауданы - 650 мың гектар. Штат бойынша 78 адам жұмыс істейді.
Әлия Шалабекова, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:Ерекше қорғалатын табиғи аумақ 1 шілдеден бастап нақты іске кіріседі. Бұған республикалық бюджеттен 300 млн теңге қаржы бөлінеді. Басты мақсат - киікті қорғау, оның көші-қонын қадағалау. Аумақта шамамен 250 мыңдай киік болады. Резерватта аңшылық жасауға тыйым салынады. Ал ол жерден тыс аумақта киікті аулаумен басқа бір мекеме шұғылданады. Ол жағын әлі ойластырып жатырмыз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде 16 өңірде су тасқыны күтілуде
12.03.2026, 13:42
Егістіктегі судың әр тамшысы бақылауда болады
12.03.2026, 13:42
163 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
12.03.2026, 13:34
Шымкентке Жиддадан арнайы рейспен 200-ден астам азамат елге жеткізілді
12.03.2026, 13:30
Жетісу облысында жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді
12.03.2026, 13:28
Ақмола облысында 125 отбасы баспаналы болды
12.03.2026, 13:24
Астанада көлік қозғалысына қатысты заңдағы өзгеріс күшіне енді
12.03.2026, 13:21
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам құрудың кепілі
12.03.2026, 13:17