Басты Жаңалықтар Астанада көлік қозғалысына қатысты заңдағы өзгеріс күшіне енді

Астанада көлік қозғалысына қатысты заңдағы өзгеріс күшіне енді

Бүгіннен бастап елімізде жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге бақылау күшейді. Әкімшілік кодекске енгізілген жаңа өзгерістер күшіне енді. Бұдан былай жолдағы құқықбұзушылықты камералар мен цифрлық жүйелер автоматты түрде тіркейді. Яғни, полиция инспекторынсыз айыппұл салынады. Егер жүйе көліктің иесін анықтаса, ол адамға жауапкершілік жүктеледі. Автоматтандырылған бақылау жылдамдықты арттыру, қызыл жарыққа өту, жол белгілерін елемеу, белдік тақпау, телефон пайдалану, сондай-ақ техникалық қарап-тексеруден өтпеу және сақтандыру полисінің жоқтығын да анықтай алады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл жаңалық - жаңа тыйым емес, тек құқықбұзушылықты анықтау тәсілін жаңарту. Мақсат - жол қауіпсіздігін арттыру және әкімшілік процестерді толық цифрландыру.


Бөлісу