Асхат Аймағамбетов: Ел бойынша 170 мыңнан астам оқушы алтын ұяларымен қоштасып жатыр
Бүгін мектеп бітірушілер үшін соңғы қоңырау соғылды. Ел бойынша 170 мыңнан астам оқушы алтын ұяларымен қоштасып, үлкен өмірге қанат қақты.
Бұл Нұр-Сұлтандағы №75 мектептің оқушылары. Сыңғырлаған соңғы қоңыраудың үнінен кейін жаппай вальс билеп, көгершін ұшырды. Бұл сәт олардың есінде ерекше сақталары анық. Өйткені ата-ана мен ұстаздан бөлек, түлектерді құттықтауға білім министрінің өзі арнайы келген. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша биыл 171 мың оқушы мектеп бітіреді. Оның 8 мыңнан астамы «алтын белгіге» үміткер. Биыл түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға мүмкіндік берілген. Әрі грант саны 15 мыңға артып, 73 мыңға жетіп отыр.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:Оның 60 пайызын техникалық мамандықтарға беріп отырмыз. Соның ішінде IT саласы да бар. Басқа да мамандықтар осы 60 пайызға кіріп отыр. Неге? Өйткені нарықта техникалық мамандықтар қажет болып тұр. Сол грантты бөлгенде нарықтағы сұранысты қараймыз.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зеленский: Ел аумағына шетелдің мыңдаған жауынгері шоғырлануы мүмкін
05.09.2025, 20:24

«AFD»: Инвесторларға жол ашу
05.09.2025, 20:08
Президент мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
05.09.2025, 20:05
Мейіргерлер науқасты қабылдауға дайын ба?
05.09.2025, 20:00
БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады
05.09.2025, 19:57
Президент Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасымен кездесті
05.09.2025, 19:55
Мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы екі есеге артады
05.09.2025, 19:51
Елордада 55 инвестициялық жоба іске асырылмақ
05.09.2025, 19:49