Цифрлық майнингке қатысты салық өзгереді
Цифрлық майнингпен айналысатындар әртүрлі салық төлейді. Яғни арзан электр энергиясын пайдаланса салықтары көбірек болады. Ал электр энергиясының құны қымбат болса оларға салық та азырақ есептеледі. Ұлттық эконономика министрлігі осы тәсілмен бюджетті де толтырып, елдегі электр энергия нарығындағы балансты да сақтап тұрмақ. Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер бүгін Мәжілісте талқыланды.
Берік Көшербай, тілші:Бүгін Мәжілісте Салық кодексіне енгізілгелі жатқан өзгерістер талқыланды. Ұлттық экономика министрлігі ұсынған заң жобасына сәйкес бірінші кезекте қазынаға табиғи ресурстардан түсетін кірісті көбейту көзделген. Атап айтқанда, биржалық металл сататындарға салықты 50, ал қатты пайдалы қазбалар бойынша 30 пайызға ұлғайту ұсынылады. Ал геологиялық барлау мен жаңа кен орындарын ашатындарға, керісінше, ынталантыру мақсатында, салықтық жүкемені азайту көзделіп отыр. Цифрлық майнингке салық салу тәсілдері де күшеймек.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:Электр энергиясының құны бойынша жүктемені теңестіру, сондай-ақ отандық электр энергиясын пайдаланбауды ынталандыру үшін сараланған мөлшерлемелер ұсынылады: электр энергиясының құны неғұрлым төмен болса, төлем мөлшерлемесі соғұрлым жоғары болады. Бұл ретте, қайта қалпына келетін көздерден өзі өндірген электр энергиясы үшін қолданыстағы деңгейде төмендетілген мөлшерлемелер көзделген.
Берік Көшербай, тілші:Ұлттық экономика министрілігі ұсынған Заң жобасында темекі өнімдерінің салығы туралы жазылған. Яғни 2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 еуро деңгейінде белгіленбек. Сонымен қатар темекі өнімдерінің басқа түрлері бойынша оның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерге акциздерді кезең-кезеңімен ұлғайту ұсынылады. Салық кодексіне басқа да бірқатар өзгеріс енгізілмек. Депутаттар әр мәселені жіті талқылап, Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс отырысында бүгін көлік және электр энергиясын үнемдеуге қатысты да заң жобалары қаралды.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24