Жеңілдетілген автонесие бағдарламасын іске асыру көлемі жылына 15 пайыздан аспайды
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы көлік бағасына әсер етпейді. Автобизнес қауымдастығы өкілдерінің айтуынша арзан несие беріле бастағанымен, ол нарықтағы құнның арзандауына әсер етуі екіталай. Өйткені 4 пайызбен берілетін машиналардың үлесі тым аз. Бұған дейін кейбір сарапшылар бағдарлама басталса, көлік арзандауы мүмкін деген болжамдар айтқан еді. Бірақ баға керісінше көтеріліп келеді. Бұған пандемия мен көршілес елдердегі геосаяси жағдай себеп. Әлем бойынша автомобиль өндірісі азайып, логистика қиындық туғызып отыр.
Қайрат Еламанов, Қазақстан автобизнесі қауымдастығының өкілі:
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасын іске асыру көлемі жылына 15 пайыздан аспайды. Сол үшін бұл нарыққа әсер ете алмайды. Көлік бағасы негізінен доллар бағамына, қосалқы бөлшектердің және шикізат құны мен логистикаға байланысты.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: «Жасыл елдің» 80-нен астам сарбазы ескерткіш аумағын абаттандырды
07.07.2026, 12:52
Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына қатысуға дайын ба? - Сауалнама
07.07.2026, 11:46
Америкадағы аладоп аламанының атмосферасы
06.07.2026, 20:21
Этна жанартауы оянды
06.07.2026, 20:18
Үндістанда нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді
06.07.2026, 20:18
Шебер 30 жылда үш мыңнан астам домбыра жасаған
06.07.2026, 20:17
Жер сілкінісінен кейін республикалық автожолдар шұғыл тексерілді
06.07.2026, 20:16
АЭС құрылысында 10 мың адам жұмыспен қамтылады
06.07.2026, 20:16