Ресейде жыл басынан бері 15 млн адам елді тастап кетті
Ресейде жыл басынан бері 15 млн-нан астам адам елді тастап кеткен. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі еседей көп.
«Девальвация 20 пайызға жетуі мүмкін»,-дейді сарапшылар. Бізбен тікелей байланысқа шыққан Мәскеудегі тілшіміз Индира Бегайдар баяндайды.
Индира Бегайдар, Тілші:
Ресей экономикасы тығырыққа тірелді. Қаржы секторы, әуе, логистикалық компаниялар банкротқа ұшырап, алыс-беріс қиындай түскен. Мамандардың айтуынша, қоймадағы техника енді төрт айда таусылады, сондықтан көрші мемлекеттерден қолданылған техниканы сатып алуға мәжбүр. Санкцияның зардабын қарапайым халық тартып жатыр. Мәселен, бұрын несиені 7-8 пайыз үстемақымен берсе, қазір 26 пайызға жеткен.
Александр Гордеев, қала тұрғыны:
Ақша құнсызданып кетті, сондықтан ертеңім үшін уайымдаймын. Таңнан кешке дейін жұмыс істейсің, бірақ ол табысың азық-түлікке де жетпейді. Біз Мәскеуде тұрамыз, ал өңірлердегі жағдай тіптен қиын.
Сарапшылардың пікірінше, енді екі айда санкция салдары қатты сезіле бастайды. 500 шетелдік компания жабылып қалса, кейбірі енді ешқашан оралмайтынын мәлімдеді. Яғни, 3-5 миллион адам жұмыссыз қалады.
Күн санап артып бара жатқан бағаны да ауыздықтауға мүмкіндік жоқ. Үкімет шатқаяқтаған экономикалық жағдайды жақсартуға кірісіп жатыр. Ұлттық әл-ауқат қорынан 10 миллиард доллар бөлінді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06