Семей машина жасау зауыты басшысының орынбасары 7 жылға сотталды
Семей машина жасау зауыты басшысының орынбасары 7 жылға сотталды. Ол мемлекеттік тапсырыстарды орындау кезінде 1 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған еді. Лауазымды тұлға әскери техника үшін жаңа қозғалтқыштардың орнына ескілерін жеткізіп отырған. Ол үшін ескі бөлшектерге жаңа сериялық нөмір басқан. Зауыт қызметкерлері оның нұсқауы бойынша ескі шлемофондарды тазалап, шығарылу мерзімін 2020 жылға ауыстырған. 2018 жылдан бері Қорғаныс министрлігінің тапсырысын орындау кезінде материалдардың құны 2-3 есе көтерілген.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Баспасөз қызметінің өкілі:
Тергеу барысында зауыт директорының бірінші орынбасары Сүлейменов танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына әдейі 1985-2012 жылдары шығарылған жеткізуді ұйымдастырды. Семей қаласы сотының үкімімен Сүлейменов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы13 боксшымыз жартылай финалда
06.04.2026, 10:11
Алғаш рет Дания Корольдік театрының гала-концерті өтті
06.04.2026, 10:05
Дрондар шабуылына ұшыраған Усть-Луга портында мұнай қайта тиеле бастады
06.04.2026, 10:04
Германияда ер адамдар шетелге шығу үшін әскери рұқсат алуға міндетті
06.04.2026, 10:03
Трамп электр станциялары мен көпірлерді қирататынын ескертті
06.04.2026, 09:58
Ресейдің Дағыстан Республикасында су тасқынының салдарынан дамбы жарылды
06.04.2026, 09:56