Оралда 7,5 млрд теңгенің заң бұзушылығы анықталды
Оралда құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне аудит жүргізіліп, 7,5 млрд теңгенің заң бұзушылығы анықталды. Атап айтқанда, құрылыс бөлімі несиелік баспана салуды кешіктірген мердігерге шара қолданбаған. Салдарынан бюджет қаржысы игерілмей, әрі айыпақы өндірілмеген. Қазір екі тұрғын үй құрылысы тоқтап тұр. Ал қалалық сәулет бөлімінде мемлекеттік сатып алуға қатысқан мекемелер өз міндетін уақытылы орындамаған. Жалақы, еңбек демалысын төлеуде кемшілік анықталып, басшы мен есепші әкімшілік жазаға тартылды. Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімі гүл өсіруші мекемемен соттасып жатса, жер қатынастары бөлімі жерді жалға алғаны үшін 29 млн теңгені төлемеу дерегін жасырған.
Мереке Көбейсінов, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі:
Өткен жылдың соңында екі үй іске қосылуы тиіс еді. Бірақ «Байлы» серіктестігі келісім шарттық міндеттерді орындамай, пайдалануға беру уақытын кешіктірген. Бұл үшін айыпақы есептелмеген, яғни біреуінде 21 млн, екіншісінде 29 млн теңге. Мұндай кемшіліктер тағы екі көпқабатты үй бойынша анықталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06