Иракта құмды дауыл соғып, мектептер мен кеңселер жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта құмды дауыл соғып, мектептер мен кеңселер жабылды

17.05.2022

Білім министрлігі мен өзге де мемлекеттік органдар қызметін доғарды. Сондай-ақ, Бағдаттың халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатқан. Бұған қоса, ел астанасы мен оңтүстікте жүздеген адамның тыныс алуы қиындап, ауруханаларға түскен. Бағдат тұрғындарының айтуынша, құмды дауылдың бұрынғыдай сирек емес, 3-4 күн сайын соғуына ғаламдық климаттың жылынуы себепші. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, Ирак климаттық дағдарыс алдындағы осалдық жағынан әлемде бесінші орында тұр. Мұнда кейінгі жылдары ауаның температурасы тіпті 52 градусқа дейін көтеріліп жүр. Осындай аптап ыстықтан егістік алқаптары қурап, елдің айтарлықтай бөлігі жаз айларында тіршілік етуге жарамсыз болып қалады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу